Жаңа талаптарға байланысты корпоративті оқыту дегеніміз не?Соңғы кездері үздіксіз оқу - корпоративті оқыту бойынша жобаға енгізілген педагогикалық ұжымдар өмірінің нормасы болды десек те болады. Жалпы оң беталысқа, мұғалімдердің жаңаша оқытуға талпынысы артып келеді. Бәріміз де жаңа форматқа үйреніп қалдық. Жастар жағы қолдарына дипломды алған соң, нағыз оқу енді ғана басталғанын біртіндеп түсіне бастады. Әрі қарай - өмір бойы оқу. Өмір бір орында тұрмайды. Сонымен бірге оқушылардың білімді болуы мен дамуына қажетті сапалы әсері бар технологиялар мен білім мазмұны бұрынғыдай, білімнің белгілі бір саласында жатқан жоқ. Олар технологиялардың шоғырланған және білімнің осы салаларының түйіскен жерінде пайда болады...