Бұл контент хакерлік шабуылдан соң қайта өңделіп, қалпына келтірілді.
Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерге байланысты заңдылықтарды зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері және информатика. Бүгінде компьютерсіз жұмыс істейтін қоғамның саласы жоқ десек те болады. Осы орайда, елімізде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының жүргізіліп жатқаны да сондықтан. Бұл бағдарлама білім беру саласын да қамтиды...