Информатика пәнін тереңдетіп оқығысы келетін оқушының қандай компьютер алғаны дұрыс?
Жалпы, оқушыға қандай компьютер қажет, талдап көрейік.
Барлығы жұмыстың бағытына байланысты.
Бағдарлама жазумен айналысуға аса қымбат компьютердің қажеті жоқ. Ал жасанды интеллект немесе нейрожелі, IT бағытындағы жұмыстарға техникалық сипаттамасы жоғары компьютер қажет.
Түйін: егер де сенің жұмысың нейрожелі, жасанды интеллект, IT немесе мобильдік қосымшалар дайындау саласында болса, онда саған техникалық сипаттамасы жоғары компьютер қажет. Ал басқа салаларға бұл міндетті емес.
Информатика пәнін тереңдетіп оқығысы келетін оқушыға ыңғайлы бастапқы компьютердің техникалық сипаттамасы:
• Процессор: жиілігі жоғары Intel немесе AMD. Егер де Intel болса, онда Core i5-тен төмен болмауы керек.
• Жедел жады: 8–10 гигабайт.
• Қатқыл диск: ең аз көлемі - 128 гигабайт. HDD немесе SSD түрлері жарайды. Әрине, SSD жылдам жұмыс істейді. Ноутбукты қолдануға болады.
Ноутбуктың тиімділігі – алып жүруге, тасымалдауға ыңғайлы.
Тиімсіз жағы – ноутбукке қарағанда жүйелік блоктың электрондық құрылғылары шыдамдылау. Әрине, кез келген жұмысқа шыдамды осы заманғы ноутбуктер де бар.

Adminsite