137 мектеп
 
 
 

137 мектеп: сайттың алғысөзі

Автор: Administrator007 от 10-07-2021, 09:18, посмотрело: 851

0 «Истинное образование — это не накопление знаний, а последовательное пробуждение сознания»
Просветляющая, профилактико-разъяснительная и мотивационно-психотерапевтическая цитата
об образовании и обучении

137 мектеп: сайттың алғысөзі

137 мектеп информатигі веб-сайтының шолушылары! Бүгінгі күнгі біздің өзекті мәселеміз – балаларды оқыту болса, оның деңгейін арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Ақпарат технологиясы дегеніміз — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық құрылғылар мен әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технологияларды қоғамымыздың барлық салаларында – басқаруда, білім беруде, өндірісте, ғылымда, тұрмыста және т.б. салаларда қолданудамыз. Осы орайда, мектеп информатигі сайтының да өз мақсаты мен міндеті бар.


Информатика пәні мұғалімі өз сайты арқылы:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
- оқушыларды қашықтан оқыта алады;
- қосымша жеке оқығысы келетін оқушылармен жұмыс жүргізе алады;
- оқушылардың жаңа технологиялармен жұмысын ізденіске бағыттайды;
- пәннің жүргізілуін оң бағытқа дамытудың құралы бола алады;
- пән мұғалімінің портфолиосы қызметін атқара алады;
- сонымен бірге оқушылардың білім алуы мен сайттың дамуына пікірлес адамдармен кері байланыс орната алады;
- бағыты: ақпараттық-білімдік және ғылыми-публицистикалық;

Егер Сіз ғаламтор желісінде бола қалсаңыз, онда Сізді осы веб-сайттың да шолушысы болуға шақырамын! Мүмкіндігіңіз болса, балалар үшін, сайттың оқырмандары санының артуы мен дамуына да атсалысыңыз!

Оқушы! Сенің информатика пәні бойынша тереңдетілген білім алуға мүмкіндігің бар! Сонымен бірге балалар үшін, жаңа оқулықтар бойынша негізгі тақырыптарды оқытудың мазмұны мен әдістемесін ағымдағы уақыт деңгейіндегі осы заманғы деңгейге көшіру арқылы да оқушыларымыздың білім алу жағдайын жақсартуға болады.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Sait turaly

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад