137 мектеп

» » Егер де дүкеннен жаңа компьютер сатып алғың келсе, онда компьютерді қалай таңдауға болады?

 
 
 

Егер де дүкеннен жаңа компьютер сатып алғың келсе, онда компьютерді қалай таңдауға болады?

Автор: Administrator007 от 4-07-2022, 11:15, посмотрело: 237

0 Егер де дүкеннен жаңа компьютер сатып алғың келсе, онда компьютерді қалай таңдауға болады?

Балалар үшін
Қазіргі уақытта барлық үйде компьютер бар. Ал егер де дүкеннен жаңа компьютер сатып алғың келсе, онда тиімді болуы үшін оның техникалық сипаттамасының қандай болғаны дұрыс?
Жалпы пайдаланушыға қандай компьютер қажет, талдап көрейік.

Барлығы жұмыстың бағытына байланысты
Бағдарлама жазумен айналысуға аса қымбат компьютердің қажеті жоқ. Ал жасанды интеллект немесе нейрожелі, IT бағытындағы жұмыстарға техникалық сипаттамасы жоғары компьютер қажет. Компьютердің техникалық сипаттамасы онымен орындалатын жұмысқа байланысты әр түрлі болып келеді. Ең арзан компьютерлер тек Ms Office қолданбалы бағдарламаларымен орындалатын жұмыстарға ыңғайлы.

Компьютердің негізгі параметрлерінің ағымдағы уақыттағы тиімді сипаттамасы

Процессор: Intel немесе AMD. Егер де Intel болса, онда Core i5-тен төмен болмауы керек;
Разрядтылығы 32/64: қазіргі ноутбуктердің барлығы 64 разрядтылық;
Жедел жады: 8–10 гигабайт;
Қатқыл диск: ең аз көлемі - 128 гигабайт. Әрине, үйге 500 гигабайттан жоғарысын таңдау керек. HDD немесе SSD түрлері жарайды. SSD жылдам жұмыс істейді;
Видеокарта: егер де photoshop, CorelDRAW, 3D, autodesk, видео өңдеу сияқты редакторлармен жұмыс істегің келсе немесе компьютерлік ойындар ойнағың келсе, онда видеокартаны да таңдауымыз керек. Оның да параметрлерінің жоғарысын таңдаймыз;

Ноутбукты таңдаған дұрыс.

Ноутбуктың тиімділігі – алып жүруге, тасымалдауға ыңғайлы.

Тиімсіз жағы – ноутбукке қарағанда жүйелік блоктың электрондық құрылғылары сапалы. Әрине кез келген жұмысқа шыдамды осы заманғы ноутбуктер де бар.

Оқушы! Жоғарыдағы бес пунктті дұрыс таңдай білсең, сенің ноутбугың сабағың мен жұмысыңа қажетті технологияларды қолдайтын өнімді құрал бола алады
Adminsite
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Oqushylarga

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад