137 мектеп

» » Пән бірлестігінде оң бағыттағы психологиялық ортаны қалай құруға болады немесе мектепішілік оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрдем №4

 
 
 

Пән бірлестігінде оң бағыттағы психологиялық ортаны қалай құруға болады немесе мектепішілік оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрдем №4

Автор: admin от 13-09-2023, 09:45, посмотрело: 138

0 «Добрый поступок никогда не глуп, ибо он бескорыстен и не преследует цели выгоды и умного результата»
«Излишняя обидчивость - это признак какой-то закомплексованности или необразованности. Будьте умны»
Просветляющие и психокоррекционные, профилактико-разъяснительные, душевно-успокоительные,
мотивационно-психотерапевтические и лечебно-оздоровительные цитаты
Дмитрия Сергеевича Лихачева, русский академик, профессор и филолог
Пән бірлестігінде оң бағыттағы психологиялық ортаны қалай құруға болады немесе мектепішілік оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрдем №4

Информатика пәні бірлестігінде оң бағыттағы психологиялық ортаны қалай құруға болады немесе мектепішілік оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрлем №4

Кезекті жаңа 2023-2024 оқу жылы да басталды. Оқу жылы басында орындалатын алғашқы маңызды жұмыстардың бірі – мұғалімдердің сағат жүктемелерін бөлу болып табылатыны белгілі. Балалардың білім алу жағдайлары осы жұмыстың атқарылуына байланысты. Олай болса, «батпан құйрық», «ортаң құйрық», «бастапқы құйрық» сағаттар әр оқу жылы сайын қалай бөлініп келеді? Ол әлі де жалғасын табады ма?
Бөлінген сағаттардың қыркүйек айының басында «пәлен» болып тұратын, ал қазан айында «түген» болып тұратын сиқыры да бар. Биылғы оқу жылында ол да жалғасын табар ма екен?
Осы мәселеге байланысты «батпан құйрық», «ортаң құйрық», «бастапқы құйрық» сағаттар бөлінер кезде әр мұғалімнің санаты, еңбек өтілі, білім берудегі іс-тәжірибесі ескерілсе деген ұсыныс бар.
Әрине, әңгіме мүлдем тапқан пайдада, ашкөздікте, күндеушілікте емес. Ашкөздік кімге опа берген?...

Күтілетін нәтиже:

1. Қазірге дейін қолданылып келген сағат бөлу әдісі информатика пәні бірлестігін тек тоқырауға ұшырататын психологиялық орта қалыптастырады. Балалардың жағдайын ойласақ, пәнді тоқырауға ұшыратпайық, өз пәніміз үшін, балалардың болашағы үшін. Себебі, пәннің жүргізілуін тоқыраудың шеңгелінен шығарудың өзіне ондаған жылдар керек.
2. Ал ұсынылып отырған бағыт бойынша жұмысты жүргізсек - ол дамуға, өзгерістерге ұмтылатын, шығармашылықпен жұмыс істеуге талпындыратын психологиялық орта қалыптастырады. Әрине, бәрі бірден бола қалмайды. Бірақ дұрыс жол осы болып табылады және де ең маңызды алғышарт – ол адалдық.
3. Бұл тек ұсыныс қана. Әңгіме оның орындалуы-орындалмауында емес. Бірақ ескіше жұмысты жалғастыра берсек, ол бір орында тапжылмай тұрғанмен бірдей. Ал ақпараттық технология ай сайын, жыл сайын өзгеруде.
Мұны іске асыру да оңай шаруа емес. Жылдар бойы қалыптасып қалған әдетті өзгертудің де қиын екені белгілі. Мотивация қажет, психокоррекция мен психотренингтер керек. Дегенмен оқушылардың білім алуын оң бағытқа ұйымдастыруға ниет болса болғаны. Стандартты оқу кабинеттерін жеткілікті ету де қажет...
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pedadisteme

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад