137 мектеп

» » IT технология - информатика ғылымының негізгі салаларының бірі

 
 
 

IT технология - информатика ғылымының негізгі салаларының бірі

Автор: admins от 8-07-2019, 05:28, посмотрело: 878

0 Ата-ана!

IT технология - информатика ғылымының негізгі салаларының бірі
Ғаламторсыз жұмысың бітпейтін қазіргі заманда интернет-технологияларға оқушылар мен студенттерді оқытудың маңызы артып отыр. Ғылымның бұл саласы Қазақстанда даму кезеңінде. Елімізде алдағы жылдары осы сала бойынша 100000 маман даярлау қажеттігі туралы да айтылуда. Осы орайда, 2017 жылдың өзінде қабылданған “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша да IT мамандарын даярлау міндеті жүктелді.

Интернет-технологияларды хат-хабар алмасуда, жаңалықтарды оқуда, коммуналдық төлемдерді төлеуде, кез келген мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануда, тіпті интернет-дүкендер қызметін пайдалануда да қолданып жүрміз.

Міне, осы қызмет түрлерінің барлығы интернет технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Оны қалай жасаймыз? Бұл сала осы мәселелермен айналысады.

IT саласы - өте көлемді және технологиялары тез өзгеріп отыратын ғылым саласы. Оны игеруге бірнеше жыл уақыт керек. Мысалы, хирург немесе ядролық физика маманы болу үшін адам баласы қанша жыл оқуы және тер төгіп еңбектенуі керек?...
IT маманын дайындаудың да осындай күрделі мәселелері бар. Олай болса, осы сала бойынша білім алуды бала мектеп қабырғасынан бастап өзінің бойына сіңіре беруі керек. Әрі қарай білім алудың сатыларына байланысты оқушының өз білімін жетілдіре беруге мүмкіндігі бар.

Интернет-технология курсы бойынша білім алған оқушылар HTML, PHP бағдарламалау тілдерін бастапқы деңгей, бағдарламашы-түзетуші деңгейі және ІІІ деңгейлерге дейін оқи алады. Мұның өзі қазір жаңадан пайда болған "сайт администраторы", "веб-бағдарламашы" сияқты IT-ге байланысты мамандықтардың барлығына аса қажет білім. ІІ деңгей мен І деңгейлерді ЖОО(ВУЗ)-да жалғастыруға болады.

Сонымен қатар оқушы қалың бұқараға арналған және онлайн режимде конструкторлар арқылы бес минут уақытта құрылып, дайын болатын, сайтты жасаудың "5 минуттық" түрін үйренуден бастап, біртіндеп ағымдағы уақыттағы заманауи тапсырмаларды орындауға ауысады.

IT технология маманы қазіргі таңдағы еңбек нарығында ең жоғары сұранысқа ие, сонымен бірге жұмысының көлемі мен маңыздылығына қарай ең жоғары жалақыны да осы мамандық иелері алады.

Курс бойынша білім алушы оқушылар IT мамандығына баулитын кез келген университеттің І-ІІ курс материалдары мазмұнына тең білімді теориялық және практикалық тұрғыдан игеріп, оны ЖОО-на белгілі бір деңгейде алдын ала біліп бара алады. Олай болса, компьютерге байланысты мамандық таңдағандарға ғана емес, басқа мамандықты таңдағандар үшін де IT курстың пайдасы мол.

Ата-ана! Сізді өзіңіздің ұл-қызыңыздың бос уақыты алаңдатса, онда ұл-қызыңызға IT технологияны да оқытуды ұмытпаңыз. Мүмкін жаңа мамандықтарды игеруге икемі, қабілеті бар шығар...
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: IT tehnologija

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад