Просветляющая и психокоррекционная, профилактико-разъяснительная, душевно-успокоительная,
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная цитата
Дмитрия Сергеевича Лихачева, русский академик, профессор и филолог
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная цитата
Дмитрия Сергеевича Лихачева, русский академик, профессор и филолог

Психология: психологиялық онлайн-тренинг, негативті тұлғалардың 7 түрі немесе пән бірлестігіндегі психологиялық және оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрдем №2
Психологиялық онлайн-тренинг: негативті адамдардың барлық жеті түрін зерттеп, олармен қарым-қатынастың қандай түрін орнатуға болатыны туралы ойланыңыз...
Түр 1. «Құрбан»
«Құрбан» үнемі шағымданады және айналасындағыларды өз қиындықтары үшін кінәлайды. Ол кез келген қуанышты оқиғадан жамандық пен ренішті көргісі келеді.
Неліктен қауіпті?
«Құрбан» алға жылжуға кедергі жасайды, санаға қорқыныш пен сенімсіздік синдромдарын ұялатуға тырысады.
Не істеу керек?
Шағымданушыларға босқа энергияны жұмсамаған дұрыс.
Түр 2. «Тұтынушы»
«Тұтынушы» бәріне біреудің есебінен қол жеткізуге дағдыланған және өз бетінше бірдеңе жасаудың қажеті жоқ деп есептейді. Басқаларды ақымақ және өзімшіл деп айыптағанды ұнатады.
Неліктен қауіпті?
«Тұтынушыға» сенуге болмайды - оның пайдакүнемдік ниеттері әрқашан достық ниеттен жоғары болады.
Не істеу керек?
Мұндай адамдармен мүмкіндігінше қарым-қатынасқа мән берген дұрыс.
Түр 3. «Жүйке»
«Жүйке» үнемі эмоционалды толқында болады, болмашы сезімдердің әсерінен шешім қабылдайды, эмоцияларды басқаруды білмейді. Көбінесе іліп алар ісі жоқ адам болып келеді.
Неліктен қауіпті?
«Жүйкенің» өмірі - бұл идеялар тізбегі, идеялары таусылмайды. Өйткені ол үнемі өз идеясын ауыстыруға асығады. Егер сіз оның соңынан ерсеңіз, онда сіз өз бағытыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Не істеу керек?
Ең қауіпсізі - оның идеяларын қабылдау, ермеу, бақылау.
Түр 4. «Кертартпа»
Қандай да бір жұмысты жүзеге асыруға динамизмі мен ынтасы аз адам. Іске келгенде ол кез келген жұмысты тығырыққа тіреп, тоқтатып қояды.
Неліктен қауіпті?
Логикалық ойлау қабілеті бар адамдар ұшін ол «ыңғайлы» болады, бірақ басқаларға онымен тіл табысу қиын.
Не істеу керек?
Сіз мұндай адаммен ұзақ уақыт жақын қарым-қатынаста болсаңыз да, ісіңіз нәтиже бермейді. Сондықтан қарым-қатынасты оңтайлы ету керек.
Түр 5. «Тәуелсіз»
Жұмыс пен демалысты ұштастыра білетін, алайда өзгерістерге ұмтылмайтын, қаржылық жағынан өзін қамтамасыз еткен адам.
Неліктен қауіпті?
Егер сіз әлі барлық қажетті жетістіктерге қол жеткізбеген болсаңыз, «Тәуелсіз» сізді өз ықпалына тартады және сізді өз жолыңызбен жүруге мүмкіндік бермейді.
Не істеу керек?
«Тәуелсізбен» қауіпсіз байланыста болған дұрыс. Егер сіздің эмоционалдық деңгейлеріңіз және тұлғалық даму кезеңдеріңіз әр түрлі болса, қашықтықты сақтағаныңыз дұрыс.
Түр 6. «Екіжүзді»
Ол тек жағымды эмоцияларды тудырады. Өзін ғана ойлайтын адамдарға «Екіжүзді» ең жақын досы сияқты болып көрінуі мүмкін, өйткені олар әрқашан бәріне мақтаумен жауап береді.
Неліктен қауіпті?
Мұндай адамдар тек алуды ғана біледі, өзгеге мақтау мен мадақтау сөздерден басқа ештеңе айтпайды. Шын мәнінде, оның барлық әрекеттері сізден мүмкіндігінше көп нәрсені алу болып табылады.
Не істеу керек?
Өзіңіздің сезімдеріңізге назар аударыңыз, эмоцияға берілмеңіз.
Түр 7. «Батпақ»
Жақсы адам. «Стандартты» хоббиі - ол тәуекелге бармайды, даму мақсаттарын белгілемейді.
Неліктен қауіпті?
Мұндай адаммен «батып» кету оңай және дамуға, өзгерістерге қол жеткізуге деген барлық құлшынысты жояды.
Не істеу керек?
«Батпақтың» өмір философиясын өзгертуге тырысыңыз.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші