Просветляющая и психокоррекционная, профилактико-разъяснительная, душевно-успокоительная,
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная цитата
Дмитрия Сергеевича Лихачева, русский академик, профессор и филолог
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная цитата
Дмитрия Сергеевича Лихачева, русский академик, профессор и филолог


Оқушылардың болашағы үшін позитивке жетер не бар?!
Психология: психологиялық онлайн-тренажер, сіздің алдыңыздағы адамның негативті екенін білдіретін 8 белгі немесе пән бірлестігіндегі психологиялық және оқу-әдістемелік жұмыстарға жәрдем №3
Адам баласының психологиясы қызық және өте күрделі. Әрбір адам өзін жақсы адаммын деп есептейді. Ал, негативті кертартпа адамды психологиялық тұрғыдан анықтауға бола ма? Әрине, ол оңай шаруа емес. Дегенмен де, оның мына төмендегідей белгілері бар.
Негативті адамның белгілері:
1. Ол өзгелер туралы жақсы сөз айтпайды. Үнемі біреумен «ұрсып» жүреді.
Ол кез келген адамға осындай қарым-қатынас жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда негативті энергиясы бар адам сіз үшін және айналадағы жұмыстың ритмі үшін өте қауіпті. Ара қашықтықты сақтағаныңыз дұрыс. Негативті адам мен щизофренияға шалдыққан адамның іс-әрекеттері өте ұқсас келеді.
2. Ол шағымданғыш келеді.
Негативті адамның басты белгілерінің бірі – ол үнемі шағымданып жүреді. Егер сіз осындай адаммен жиі бірге болсаңыз, онда ол сіздің көңіл-күйіңізге, жұмыс өнімділігіңізге және мүмкін, денсаулығыңызға да зиянын тигізуі мүмкін.
3. Ол өзіне ерекше қарым-қатынасты қажет етеді.
Егер ол сізден ерекше жәрдем сұраса, онда ол сізді жақынырақ таныған кезде сіздің мойныңызға қалай мініп алатынын елестетіп көріңіз.
4. Ол мақтаншақ келеді.
Ол өзін мақтай бастайды және өзінің қаншалықты ақылды немесе табысты екенін айта бастайды. Мүмкін, осылайша сұхбаттасыңыз сіздің психологияңызға кері әсер етуге тырысады.
Негативті энергиясы бар адамның белгілері:
5. Ол сізді қорғануға мәжбүрлейді.
Есіңізде болсын, сізді үнемі өзіңізді, жұмысыңызды немесе іс-әрекетіңізді қорғауға мәжбүрлейтін адам айналадағы жұмыстың ритмі мен сіз үшін өте қауіпті.
6. Ол сізді өзінің ықпалында ұстағысы келеді.
Сізді осылай пайдаланатын адам уақыт өте келе сізді тек өз мүддесі үшін басқаруға талпына бастайды.
7. Ол өзін ғана ойлайды.
Сізден өз өмірінің барлық аспектілеріне қызығушылық танытуды күтетін және өзін ғана ойлайтын алам бойында жақсы энергиясы жоқ адам болуы әбден мүмкін.
8. Оның қасында сіз өзіңізді жайсыз сезінесіз.
Егер сіз онымен бір-екі сағат кофе немесе шай ішіп отырсаңыз, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Егер онымен бірге өткізген уақыт сізді тітіркендіретін болса немесе керісінше шаршайтын болсаңыз, онда сіз негативті энергиясы бар адаммен қарым-қатынас жасайсыз.
Оқушы балалардың болашағы үшін позитивті болғанға жетер не бар?!
Білім беруге негативті көзқарас – оқушылардың білім алу деңгейін бірнеше жылдарға кенже қалдырады. Бұл қауіпті тенденция...
Суреттер el.kz сайтынан алынды.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші