Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары
Мектепте түрлі үйірмелер ашу жоспарда бар.
Үйірме бағыттары:
- интеллектуалдық;
- патриоттық;
- спорттық;
Ата-ана!
Біздің мектеп мына төмендегі бағыттарға басымдық береді:
1. Білім беру ұйымының басқару жүйесі
- мектептің негізгі өзекті мәселесінің тақырыбын бекіту: "Жаңартылған білім мазмұны - бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі";
- негізгі өзекті мәселе бойынша ұжым жұмысының бағытын айқындап беру;
- оқушыларға заман талабына сай жаңа форматта білім беруде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
- пән мұғалімдері сайтының оқырмандары санының артуының алғышарттарын жасау;
2. Оқушылардың саналы тәрбие мен сапалы білім алуы — олардың шығармашылық жұмыстармен айналысуы, өз мүмкіндігін, қабілетін көрсетуі
- негізгі сабақтардан бөлек түрлі үйірмелерге қатыстыру арқылы оқушылардың мүмкіндіктерін білу, қабілеттерін шыңдау;
- ақпараттық және коммуникативтік технологиялар арқылы білім алуды барлық оқушылар үшін қолжетімді ету;
3. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамы — олардың ғылыми ізденіс жұмыстарының ұйытқысы
- қабілетті оқушыларды ғылыми-шығармашылық және инновациялық ізденіс жұмыстарына тарту;
- "Жас талант" интернет-газеті жұмысының жүргізілуін ұйымдастыру, ұраны: "Ойлан, жаса, жетістікке жет!";
- оқушылардың түрлі деңгейлердегі ғылыми-инновациялық іс-шараларға қатысуы;
- ЖОО-ның ғылыми орталықтарымен байланыста жұмыс істеу;
4. Мектеп әкімшілігі мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады
- мұғалімдер мен оқушыларды білім беру үрдісінің инновациялық жұмыстарына тарту;
- мұғалімдердің түрлі деңгейлердегі әдістемелік, ғылыми-шығармашылық және инновациялық іс-шараларға қатысуы;
- көлемді және мақсатты дайындықпен мұғалімдерге корпоративтік білім беру;
- ғылыми ізденіс жұмыстары мен түрлі жобаларды іске асырудың жоспарын құру;
- ғылыми-педагогикалық және технологиялық процесті орындаушылар мен басқарудың мамандарын тәрбиелеу;
- бірлескен түрлі жобаларды іске асыру;
Ата-ана!
Ұл-қызым цифрлық құзіреттілікке негізделген, ағымдағы уақыт деңгейіндегі білім нәрімен сусындасын десеңіз - таңдау өзіңізде!
БІЗДІҢ МЕКТЕП - ҮЗДІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БІРІ !
Adminsite