
Оқушылар! Бұл жерде сендердің алғашқы өлеңдерің мен мақалаларың жарияланады! Поэзия мен әдебиет әлеміне, сонымен қатар ғылым салаларының әлеміне деген қызығушылықтарың арта берсін! Осы салалар бойынша жасаған тырнақалды еңбектеріңді көпшілік қауымға ұсыну арқылы өз мүмкіндіктерің мен қабілеттеріңді тексеріп немесе шыңдап көрулеріңе болады.
Мектептің әдістемелік кеңесінің ұсынуымен жұмыстары жарияланған шығармашыл оқушылар мен олардың жетекшілері оқу жылы соңында мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталады.
Еңбектеріңді жариялаудың жалпы ережесі:
- электрондық түрде дайындау;
- көлемі мүмкіндігінше шағын әрі нақты болуы немесе А4 форматтағы үш-төрт парақтан аспауы керек;
- пән мұғалімінің немесе ғылыми жетекшінің пікірі /еңбектің көркемдік мазмұны мен оның ғылыми жұмыс талаптарына сай болуы бойынша/;
- оқушы мен жетекші мұғалімнің электрондық фотосуреттері;
Дарынды баланы қалай тануға болады?
Белгілі зерттеуші, психолог Н. С. Лейтестің тұжырымы бойынша қабілетті балалардың мынадай 3 категориясы бар:
*бірінші категория — ой-өрісі, қабілеті ерте жастан байқалған балалар;
*екінші категория — жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар;
*үшінші категория — дарындылық күш-жігерімен ерекшеленетін оқушылар;
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қойылатын талаптар
Мұғалім міндетті:
- әріптестері мен оқушылардың жетістіктерге жетуіне тілектес болуға;
- дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
- дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
- әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);
- икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және жетістікке үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
- шығармашылықпен жұмыс істеуде өзінің жеке дүниетанымының болуы;
- өмірде тұрақты болуға;
- дарынды балалармен жұмыс жасауға арнайы дайындығының болуы;
Adminsite