Биылғы жылдың 16 желтоқсанында еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Тәуелсіздік туралы айтқанда, біздің сайт информатика пәніне арналғандықтан, «Тәуелсіздік алған 30 жылда информатика пәнінде не өзгерді?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері мемлекет информатика пәнін де дамытуды назардан тыс қалдырған емес. Әрине, біріншіден, еліміздің мектептері толық компьютерлендірілді. Екіншіден, информатика оқулығының мазмұны осы уақыт аралығында бірнеше рет жаңартылды. Мұның барлығы пән бойынша білім берудің мазмұнын оң бағытқа дамыту үшін жасалып жатқаны белгілі.
Желтоқсан айында болатын биылғы жылғы тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі информатика пәні оқулықтары мазмұнының уақыт талабына сай толық жаңартылғанымен тұспа-тұс келіп отыр.
Жаңа оқулықтардағы соңғы жаңартылудың ерекшелігі – ондағы негізгі тақырыптардың мазмұны қазіргі уақытта қоғамымыздың түрлі салаларында ғана емес, дамыған шет мемлекеттерде де қолданыста бар. Бұл да болса, тәуелсіздіктің арқасы деп білуіміз керек.
Осы орайда, тәуелсіздікті болашақта баянды ету үшін елімізде жаңа технологияларды игерген, бәсекеге қабілетті, қазіргі уақыт деңгейіндегі мамандардың болғаны жақсы. Олай болса, мектебіміздің информатика пәні мұғалімдерінің ел тәуелсіздігі мерекесіне қосар ісі – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра берейік! Техникалық білімдер қазынасына тартқан оқушыларымыздың саны арта берсін!
Оқушы! Алдыңдағы жаңа информатика оқулығынан алған біліміңді дамыған Еуропа елдерінде де қолдана аласың!
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші