137 мектеп
 
 
 

Мұғалімдерге

Автор: admins от 6-07-2019, 03:15, посмотрело: 275

0
МұғалімдергеМұғалімдерге

Жаңа талаптарға байланысты корпоративті оқыту дегеніміз не?

Соңғы кездері үздіксіз оқу - корпоративті оқыту бойынша жобаға енгізілген педагогикалық ұжымдар өмірінің нормасы болды десек те болады. Жалпы оң беталысқа, мұғалімдердің жаңаша оқытуға талпынысы артып келеді. Бәріміз де жаңа форматқа үйреніп қалдық. Жастар жағы қолдарына дипломды алған соң, нағыз оқу енді ғана басталғанын біртіндеп түсіне бастады. Әрі қарай - өмір бойы оқу. Өмір бір орында тұрмайды. Сонымен бірге оқушылардың білімді болуы мен дамуына қажетті сапалы әсері бар технологиялар мен білім мазмұны бұрынғыдай, білімнің белгілі бір саласында жатқан жоқ. Олар технологиялардың шоғырланған және білімнің осы салаларының түйіскен жерінде пайда болады.

Қазір сондай заман. Ақпараттық технологиялар заманында адамның табыстылығы ол ие болған білімнің, ақпараттың көлеміне, сонымен бірге оны пайдалана білуіне байланысты.Сабақта оқушылардың өз бетінше орындайтын ізденіс жұмыстарына көбірек уақыт берген жөн. Мұғалім өзінің алған білімі мен әрекет әдістерін өз тәжірибесінде, сабақта қаншалықты қолданатыны да оқушылардың сапалы білім алуы үшін өте маңызды.

"...Барлық заманауи білім ұйымдары білім беру деңгейіне байланысты бәсекеде, бірақ білім мәңгілік емес. Оған сүт сияқты қарап, пайдалану мерзімін қою керек. Егер ол мезгілімен пайдаланылмаса бұзылып кетеді де, түкке жарамай қалады..." ("Бизнес в стиле фанк". Кьелл А. Нордстрем, Йонас Риддерстрале). Дәл қазіргі уақытта білім осындай мағынаға ие. Яғни бүгін оқылғанды кешіктірмей бүгін қолдану қажет. Өйткені ертең жаңа білім, жаңа әрекет әдістері пайда болып, оларды да игеру қажет болады. Сондықтан білім алудың әр сатысындағы игерілетін білімнің өзара сабақтастығы білім алушылар үшін үлкен маңызға ие...

Корпоративті оқытудың басты идеясы - кәсіптік білімнің жалпы көрсеткіштерін арттыру.

Олай болса, мұғалімдердің ағымдағы уақыт деңгейінен қалмай, шығармашылықпен жұмыс істеуі - бүгінгі күн талабы.
Adminsite
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Mugalimderge

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад