
Әлем тез дамып келеді. Күннен күнге жаңа мамандықтар пайда болуда. Соның көпшілігі біздің қоғамға бейтаныс. Заңгер, қаржыгер, журналист сынды мамандар көп екені бәрімізге мәлім.
Ал қазіргі жастар жаңа салада жұмыс істегісі келеді. Жаңа заманның талабына сай маман атану – табысқа жеткізетін жол.
Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Әңгімелесуші арнайы үйшікте отырады. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Мұндай маман аптасына 10 мыңнан аса адам қабылдауы мүмкін.
Кезекте тұрушы мамандығы Ұлыбританияда пайда болды. Зерттеу нәтижесі бойынша ағылшын тұрғындары өмірінің бір жылын кезекте тұрумен өткізеді екен. Кез келген адам өз ісін тоқтатпай, орнына арнайы маманды шақыртып, кезекте тұруды сұрайды.
Байер – сіздің орныңызға киім алып жүретін маман. Олар киім өлшеміңізді алып, сән мен стильге сай киім таңдап, алып береді. Бұл мамандық батыста ең танымал мамандықтың бірі. Әрі уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда шын мәнінде, екі есе шығынға әкеліп соғады. Мұнда ақшаны немесе уақытыңызды таңдауыңызға тура келеді.
Бариста – кофе дайындайтын арнайы маман.
Сусиста – суши дайындайтын адам.
Постижер – адамның шашынан жасанды шаш, мұрт жасайтын маман.
Стрингер – белгілі бір БАҚ-тың штаттан тыс видео, фотооператоры. Қауіпті аумақтарға барып, қажетті сурет, видеоларды түсіріп, редакцияға жібереді.
Радиохирург – радиотолқындардың көмегімен операция жасайтын дәрігер.
Инженер-орманшы – орманның жағдайын тексеріп жүретін маман.
Хедхантер – бір компанияның жақсы мамандарын басқа компанияға «аулап беретін» мамандар.
Имиджмейкер – адамға сәнді образды таңдап, талғамын жақсартуға тырысады.
Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін мәтінді жазып, дайындап беретін маман.
Ал бүгінгі күні жаңадан пайда болып жатқан басқа да мамандықтарды анықтауды сендерге қалдырдық...
Оқушы!
Осы сайттың дизайны, контенті ұнады ма? Осындай немесе осы сайттан да үздік сайттар жасағың келе ме? Олай болса, информатика пәнін оқи жүріп, қазіргі таңдағы еңбек нарығында сұранысы ең жоғары "IT маманы" мамандығының қыр-сырымен сусында! Мүмкін осы мамандыққа қабілетің бар шығар, мүмкін қызығушылығың оянар...
Ал сен тағы қандай мамандықты білесің?
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші