137 мектеп

» » Информатика: ІІ тоқсан тақырыптарының мазмұны

 
 
 

Информатика: ІІ тоқсан тақырыптарының мазмұны

Автор: Administrator007 от 4-11-2021, 21:17, посмотрело: 267

0 Контент мазмұны 30.10.2022ж биылғы оқу жылына байланысты жаңартылды
Ms Excel
Балалар үшін

ІІ тоқсанда 5 сыныптар - компьютерлік графика, 6 сыныптар - SketchUp 3D редакторы, 7 сыныптар - Ms Excel қолданбалы бағдарламаларында ақпараттарды өңдеудің әдіс-тәсілдерін үйренеді. Бұл бөлімдерде қарастырылатын қолданбалы бағдарламалар практикада жиі қолданылады. Сондықтан да оларды оқып-үйрену оқушылар үшін маңызды.

"Компьютерлік графика" бөлімінде 5 сынып оқушылары растрлық және векторлық графикалық редакторларда суреттер салу мен оларды өңдеудің әдіс-тәсілдерін оқып үйренеді.

SketchUp - үш өлшемді графикалық редактор. 3D - практикада жиі қолданылатын ақпараттық технологияның қазіргі заманғы салаларының бірі. SketchUp 3D редакторы арқылы объектілердің үш өлшемді модельдері жасалады.

Ms Excel-дің негізгі міндеті - электрондық есептеулер жүргізу, ұяшықтарда орналасқан сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Мәтіндік, графикалық ақпараттарды да өңдей алады. Диаграммалар да жасауға болады.

Сыныптар бойынша ІІ тоқсанда оқушыларға оқытылатын бөлімдердің тақырыптары:

5- сыныптарға: компьютерлік графика;
6- сыныптарға: 3D баспа, SketchUp 3D редакторы;
7- сыныптарға: электрондық кесте арқылы есептер шығару;

Оқушы! ІІ тоқсанда Paint пен Inkscape, SketchUp және Ms Excel қолданбалы бағдарламаларын сабақта қолдану арқылы жоғарыдағы бөлім тақырыптары бойынша білім жинақтайсың!
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мүғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pan tynysy

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад