137 мектеп

» » Информатика: ІІІ тоқсан тақырыптарының мазмұны

 
 
 

Информатика: ІІІ тоқсан тақырыптарының мазмұны

Автор: Administrator007 от 13-01-2022, 23:06, посмотрело: 244

0 Информатика: ІІІ тоқсан тақырыптарының мазмұны
Балалар үшін
ІІІ тоқсанда 5 сыныптар робот туралы, 6-7 сынып оқушылары Python программалау тілінде алгоритмдер құрудың әдіс-тәсілдерін үйренеді.

Робототехника – информатика пәнінің негізгі бөлімдерінің бірі. Қазіргі уақытта кез келген ел экономикасының даму жағдайы робот-жасанды интеллекттің даму көрсеткішімен байланысты. Робототехника – ел экономикасының жоғары технологиялық салаларының бірі болып табылады. Осы орайда, оқушылар үшін бұл бөлімнің де тақырыптарын оқып-үйрену маңызды.
5- сынып оқушылары бұл бөлімде робот ұғымы, оның түрлері мен қолданылу салалары, роботтың адамзатқа пайдасы туралы білім алады. Сонымен қатар оқушылар білім беру роботымен жұмыс істеудің дағдыларын игереді.

Python - қазіргі уақытта практикада енді қолданылып келе жатқан, оқушы балалар үшін келешегі бар жаңа программалау тілі. Сондықтан да еліміздің орта мектептерінің, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына кейінгі жылдары жаңадан енгізілді. Программалау тілі базалық курсының бөлімдері мен оның тақырыптары 6-7-8-9 сынып оқулықтарына ретімен бөлініп орналастырылған.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, алдағы жылдары ақпараттық технология және жаратылыстану бағыты бойынша мамандық таңдағандардың ЖОО-дағы болашақ оқуы мен мамандығы Python программалау тілімен тығыз байланыста болмақ.

Сыныптар бойынша ІІІ тоқсанда оқушыларға мына төмендегі бөлімдер оқытылады:

5- сыныптарға: робототехника;
6- сыныптарға: алғашқы түсініктер мен сызықтық алгоритмдерді программалау;
7- сыныптарға: тармақталу алгоритмі мен шарттарды программалау;

Оқушы! ІІІ тоқсанда жоғарыда көрсетілген бөлім тақырыптары қарастырылады!
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мүғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pan tynysy

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад