Для беспокойных злоумышленников необходимы успокоительно-мотивационные и психологическо-оздоровительные мероприятия. Срочно необходимы меры предосторожности и профилактические работы. Сайт работает для школы, для учителей, для детей и их родителей...
«На обиженных воду возят, а на добрых сами катаются»
Просветляющая и психокоррекционная, профилактико-разъяснительная, душевно-успокоительная,
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная
русская народная поговорка
мотивационно-психотерапевтическая, лечебно-оздоровительная и психологическо-воспитательная
русская народная поговорка
Жұмыс уақытын депрессия мен дүрбелеңде(паника) өткізуге бейіл жандардың психологиялық тұрғыдан тыныштық(успокоение и поэтапное психологическое оздоровление) табуларына бұл мақаланың кішкентай да болса жәрдемі тисе, онда уақыттың игілікті іске жұмсалғаны...

Жыл мезгілінің ауысуы да адам психикасына әсер етеді!
Депрессияға ұшыраудан сақтанайық!
Психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады?
Сары күзден соң, қыс мезгілі де келді. Осы бір тамаша жыл мезгілдерінің адам психикасына кері әсер етуі мүмкін тұстары да бар.
Жыл мезгілі ауысқандағы депрессия – бұл климаттың өзгеруі, күннің қысқарып, түннің ұзаруы немесе керісінше және тұтастай алғанда дененің осы өзгерістерге қайта бейімделуіне байланысты болады.
Көп адамдар жыл мезгілінің ауысуына аса мән бере бермейді, бірақ бұл уақыт та адам психикасына айтарлықтай әсер етеді. Жыл мезгілі ауысқанда психикаға әсер ететін барлық процестер белсендіріліп, қайта құрылымдалады. Оның үстіне күн сәулесі азайса, сонымен қатар адам организміндегі D дәрумені де азаяды.Көптеген адамдар үшін жыл мезгілдеріндегі жұмыстың қарқындылығы әртүрлі болады. Бұл да көңіл-күйдің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Адамдар әлемдегі барлық шыңдарды бағындырамын және көп табыс табамын деп ойлайды, бірақ жұмыс адамдарды шаршатады. Соның әсерінен адамдарда энергия жетіспеушілігі туындап, олар меланхолик күйге түсуі де мүмкін. Адамның психикасы өзгереді, орынсыз әрекеттер жасап, айналасындағылардың мазасын алуы мүмкін, депрессияға түседі. Бұл өз кезегінде жұмыстың өнімділігіне кері әсерін тигізеді.
Психикалық денсаулықты қалай сақтауға болады?
1. Жұмыс кезіндегі өз мүмкіндігіңіз бен энергияңызды бақылау маңызды. Шаршасаңыз сіз өзіңіздің жұмысыңыздың қарқындылығын азайта аласыз және нәтижелеріңізге деген үмітіңізді төмендете аласыз.
2. Сіз өзіңізді жұмысқа алдын ала дайындауыңыз керек, өйткені жұмыстағы кез келген өзгеріс - бұл стресс, оған бейімделу керек. Қандай да бір өзгерістерге психологияңызды бейімдеу үшін өзіңізге уақыт пен мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Егер де өзгерістен шаршасаңыз, онда сіздің «мен бәрін істей алмаймын, мен шаршадым, мен тамақтанып, ұйықтаймын» деген сияқты ойда болуыңыз да қалыпты жағдай болып табылады.
3. Егер адам депрессияға ұзақ уақыт түсіп кетсе, онда оған көмек қажет. Бұл үшін оған ұрсудың қажеті жоқ, керісінше оған қол ұшын созу керек. Депрессияға түскен адам өзіне жақын адамдардан немесе психолог мамандардан көмек сұрағаны жөн. Айналасындағылардың мазасын алмауы үшін депрессияға ұшырағандармен профилактикалық-мотивациялық іс-шаралар жүргізілгені абзал.
4. Мамандардың айтуынша, жыл мезгілі ауысқанда әдеттегі күн тәртібін, ұйқы мен сергектік режимін өзгертпеу маңызды. Адамның күн тәртібі әдеттегі уақытында болғаны дұрыс. Ұйқының ұзақтығы жетіден тоғыз сағатқа дейін болуы керек. Осылайша дене біртіндеп өзгерістерге бейімделе алады.
Жұмыс уақытын депрессия мен дүрбелеңде(паника) өткізуге бейіл жандардың психологиялық тұрғыдан тыныштық(успокоение и поэтапное психологическое оздоровление) табуларына бұл мақаланың кішкентай да болса жәрдемі тисе, онда уақыттың игілікті іске жұмсалғаны...
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші