137 мектеп
 
 
 

Информатика

Автор: Administrator007 от 1-06-2023, 20:14, посмотрело: 198

0 Контент восстановлен 01.06.2023 г. после хакерской атаки, число просмотров было 471. Сайт подвергся атаке хакеров, злоумышленники атаковали контент. А сайт работает для школы, для учителей, для детей и их родителей...

"Разумный человек приспосабливается к миру, неразумный - упорно пытается приспособить мир к себе. Поэтому прогресс зависит от неразумных людей"
Просветляющая, профилактико-разъяснительная, душевно-успокоительная и лечебно-психотерапевтическая цитата
Джорджа Бернарда, ирландский драматург, философ и прозаик, писатель, романист,
лауреат Нобелевской премии в области литературы

ИнформатикаИнформатикаИнформатика

Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерге байланысты заңдылықтарды зерттейтін пәндер: қолданбалы математика, программалау, программалық жасақтамалар, жасанды интеллект, компьютер архитектурасы, есептеу желілері және информатика. Қазіргі уақытта компьютерсіз жұмыс істейтін қоғамның саласы жоқ десек те болады. Осы орайда, елімізде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының жүргізілгені де сондықтан. Бұл бағдарлама білім беру саласын да қамтиды.

Қазіргі уақытта жаңа форматқа көшуге байланысты оқушылар жаңа оқулықтармен оқытылуда. 5-11 сыныптарға арналған информатика пәнінің жаңа оқулықтары өте жақсы жазылған. Әрине, оқулықтардың мазмұнын өзгертуді қажет ететін тұстары да болуы мүмкін. Жалпы оқулықтардың мазмұны информатика пәнін оқытудың ғылыми-педагогикалық әдістеме принциптерінің талаптарына толық сәйкес келеді. Сонымен бірге 5-11 сынып оқулықтарындағы жаттығулардың, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік нұсқаулықтағы үлгілік бақылау жұмысы тапсырмаларының да оқушыға берері көп. Тек осы үлгілер бойынша жаңа тапсырмаларды және де ең маңыздысы - оларды бағалаудың дескрипторларын құрастыра білсек жеткілікті.

Дескриптор оқушы білімінің жетістігін сипаттайды. Олай болса, оқушыға нақты білім беретін дескрипторды алдын ала болжап, соған сәйкес деңгейлік тапсырмалар таңдалуы керек. Сапалы құрастырылған дескрипторлар - сапалы білімнің негізі.

Мектебімізде "IT технология", "Робототехника" кабинеттерін жабдықтап, оларды пайдалануға беру жоспарланған. Бірнеше информатика кабинеттері бар. Оларда жоғары білімді, іс-тәжірибесі мол педагог мамандар жұмыс істейді.

Информатика пәні бойынша оқушылардың ақпараттық технологиялармен жұмыс дағдыларын жаңадан пайда болып жатқан мамандықтарға бағыттай оқыту жоспарлануда. Жастар жұмыс істегісі келетін компьютерге байланысты жаңа мамандықтардың көпшілігі программалаумен байланысты. Программалаушы - ХХІ ғасыр мамандығы. Осы орайда, барлық оқушыларды Scratch, Python, Html бағдарламалау тілдеріне оқыту мемлекеттік стандарт деңгейінде, ал талабы мен таланты бар балаларды тереңдете оқыту жоспарланған.

...Болашақта әлемнің дамыған елдеріндегідей, информатика пәнінің функциялары негізгі пәндерге беріліп, информатика пәні қысқартылып, оның орнына STEM білім берудің бөлімдері жеке пәндер болып қалыптасуы да мүмкін. Әрине, ондай деңгейге жету үшін қоғамымыз әлі де дами түсуі керек. Дегенмен де ақпарат және коммуникацияны зерттейтін информатика ғылымы қазіргі замандағы, сонымен бірге болашақта да қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші болып қала берері сөзсіз.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Informatika

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад