1. ҚР БҒМ 14.03.2020 ж. Білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы №108 бұйрығы
Мұғалімдер үшін нұсқаулық
Қашықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспарының №1 шаблоны
Қашықтан оқыту кезіндегі сабақ жоспарының №2 шаблоны
1. Қашықтан оқытуға арналған сабақ жоспары жазылған файл атауын төмендегідей үлгіде сақтаған жөн:
Пән_атауы_сыныбы_мерзімі.docx.
Бұл файлдармен жұмыста мұғалімдер мен оқушылардың жұмысы жеңіл болуы үшін қажет.
2. Сабақтың мақсаты оқушылардың жасына сәйкес және ол түсінікті де қарапайым тілде болғаны дұрыс.
3. Сабақтың қысқаша мазмұнында оқулықтың бет нөмірлері, тірек схемалар, негізгі ережелер мен формулалар, жалпы оқушы игеруге тиісті материалдар қысқа да нұсқа түрінде жазылуы керек.
4. Тапсырмалардың орындалу уақыты мен мерзімін көрсету. Егер де сабақ күн сайын өтілсе, онда тапсырманың орындалу уақытын 18.00-ге белгілеуге немесе басқа мерзім мен уақытты көрсетуге болады.
5. Бұл жоспар оқушыларға арналған!
6. Видео, тест файлдарын сақтау үлгілері де жоғарыда көрсетілгендей болғаны дұрыс.
7. Бастапқы кезеңде сабақ жоспарларын жасауды бір жүйеге келтіріп алу керек, яғни компьютерде қажетті бумаларды құрып, оларда тек сол бумаға тиісті файлдарды ғана сақтаған жөн. Осылай дайындалған сабақтың файлдарын интернет-платформаларда пайдалану мұғалім үшін де, оқушы үшін де ыңғайлы әрі жеңіл.
Adminsite