
Балалар үшін
Информатика немесе ақпараттық технология саласы мамандықтарына қызығушылығы бар 9-10-11 сыныптардағы қабілеті жоғары жасөспірімдер өз бетінше ізденіп, бағдарламалауды тереңдетіп оқудағы алғашқы қадамдарын қалай бастаса болады? Ол үшін төмендегі мына 5 қағиданы ұстанған дұрыс:
1. Болашақ жұмысыңның бағытын және соған сәйкес бағдарламалау тілін таңда
2. Таңдаған бағдарламалау тілі туралы оқулықтар мен кітаптарды оқы
3. Бағдарламалық жоба жасаудың ортасын таңда
4. Практикалық жұмыс
5. Үнемі оқумен айналыс
Бағдарламалау – информатика немесе ақпараттық технология саласының ең негізгі бағыттарының бірі. Бағдарламашыларға сұраныс соңғы 20 жылда жыл сайын 15 пайызға артып отыр. Ал 2014 жылдан бастап бұл мамандық иелеріне деген ұсыныс саны жұмыс іздеушілер санынан асып түсті.
Компанияларға кәсіби бағдарламашылар жетіспейді
Астана қаласында бағдарламашылардың орташа еңбекақысы айына – 500 000 теңгені құрайды. Сонымен бірге көптеген фирмалар қашықтан жұмыс түрін де ұсына алады. Бағдарламашыға өзінің жұмысы үшін арнайы құрылғылар қажет емес, тек ноутбугы болса болғаны. Қашықтан да бағдарламаңды жаза беруге болады.
Бағдарламашы болу қиын ба?
Еңбекақысының көлеміне қарап, кез келген адам бұл салаға жұмысқа орналасу қиын деп ойлап қалуы мүмкін. Керісінше, бұл мамандықтарды игеру қиын. Математиканы, ағылшын тілін жақсы түсіне білу керек. Әрине, жас буын мен жасөспірімдерге ерте жастан үнемі оқу да керек...
Оқушы! Бағдарламашы жұмысының 99 пайызы еңбек, тек 1 пайызы ғана талант...
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші