
Балалар үшін
Қазіргі уақытта ақпараттық технология мамандығын таңдаушылар мен осы мамандық бойынша жұмыс істеушілер қоғамымызда жетерлік. Бұл информатика ғылымының қазіргі уақыттағы қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші екенін білдірсе керек.Ал ғылым ретінде информатиканың құрылымы келесі салалардан тұрады:
- алгоритмдік;
- программалық;
- техникалық;
Осы орайда, барлық мамандық түрлері сияқты, жаңа мамандық - ақпараттық технология маманы жұмысының да төмендегідей типтік дағдылары бар:
- белсенділік;
- үнемі оқу;
- монитор алдындағы жұмыс;
- тұрақты емес жұмыс уақыты;
- үнемі жобалық жұмыстар және логикалық алгоритмдерді шешумен айналысу;
- өз жұмысын өзі ұйымдастыра білу;
- шығармашылық сипаттағы жұмыс;
Оқушы! Мамандық таңдауда информатика немесе ақпараттық технология саласын таңдағың келсе, онда сен таңдаған жаңа мамандықтың осындай типтік дағдылары бар.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші