Хаб не үшін құрылды?
Қазақстан экономикасының 85 пайызы мұнай және металл өнімдерінен түскен пайдаға мүдделі екені белгілі. Бұл шикізаттарға нарықта сұраныс азайса, қазақстандықтардың жағдайы қиындайды деген сөз. Осы орайда, қазақ үкіметі шикізат өнімдеріне төуелді болмаудың жолдарын іздестіріп жатыр. Олардың бірі – жаңа технологиялар.
Әлемдегі табысы көп компаниялар жұмысын осыдан 20 жылдай бұрын жай ғана стартап болып бастаған. Қазақ үкіметі де елдің технологиялық потенциалын арттыру мақсатында әртүрлі жобалар мен бағдарламалар жасауды жалғастырып келеді. Солардың қатарында «Astana Hub» та бар. Жаңа орталыққа ЭКСПО павильондарының бірінен орын берілді.
«Astana Hub»-тың атқаратын қызметі қандай?
Астанада IT секторының мамандары шоғырланатын орта жоқ болғандықтан хаб құрылды. Оның басты міндеті - жастарға IT саласының бизнес жасау жолдарын үйретіп, идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіру болып табылады.
Алматының технологиялық мүмкіндігі көбірек
Осы сала бойынша Алматының мүмкіндігі әлдеқайда үлкен. Мұнда өте қуатты жобалар мен жас стартапшылар бар.
Қазақтың ақпараттық технологиясы даму кезеңінде
Қазақстанның стартаптық қуаты бар. Сонымен бірге кәсіби біліктілігі мол және технологиялық идеяны жүзеге асыруға таланты бар қазақ жастарының басым бөлігі дамыған елдерге кетіп жатқаны да жасырын емес. Олардың елде қалып, ортақ дамуға өз үлесін қосуы үшін Қазақстанда қолайлы жағдай, яғни экожүйе жасалуы тиіс. Дәл осы міндетті «Astana Hub» мамандары атқармақ.
Стартаптарға қандай талаптар қойылады?
«Astana Hub» резиденті атану үшін стартапшылар орталықтың акселераторлық сұрыптау кезеңінен өтулері тиіс. Сұрыптауға Қазақстанның кез келген аймағынан азаматтар қатыса алады. «Astana Hub» орталығы IT секторларын қамтитын стартаптармен жұмыс істейді. Мұның бірқатары еліміздің мектептерінде, ал бірқатары ЖОО-да оқытылуда.
Стартапты қуатты компанияға айналдыру үшін кемінде 20 жыл қажет. Мұны білім беру саласында жолға қою үшін де ондаған жыл уақыт керек.
Қазіргі таңда Белорус елінде бірнеше милллиардтық (АҚШ долларының эквивалентінде) технологиялық компания бар. Олар өз жұмысын стартап ретінде осыдан 20 жыл бұрын бастаған. Ал белорустардың жетістігін қайталауға бізге орта есеппен 15-20 жыл қажет.
«Astana Hub» сияқты орталықтың бесеуі керек
Қазақстанға осындай хабтың кем дегенде бесеуі керек екен. Сонда ғана жалпыұлттық технологиялық экожүйе қалыптасады. Жастарды өз бизнесін бастауға, IT саласына қызықтыруға мүмкіндік жасалады.
«Astana Hub» - Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ақпараттық технология саласында жеткен жетістіктерінің бірі. Қазіргі таңда «Astana Hub»-та 146 стартап бар.
«Astana Hub» – Қазақстан үшін экономикалық өсудің осы заманғы алғышарттарының бірі. Алдағы уақытта Алматы, Шымкент, Атырау сияқты қалаларымызда да осындай орталықтар болуы мүмкін.
Оқушы! Болашақта «Astana Hub» сияқты үлкен компанияларда жұмыс істегің келе ме? Ондай талабың болса, онда сенің информатика пәніне деген қызығушылығың болуы керек!
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог зерттеуші