137 мектеп

» » Бағдарламалау – балалар үшін: оқушының бағдарламалау тілін үйренуіне кедергі келтіретін қате түсініктің 5 түрі

 
 
 

Бағдарламалау – балалар үшін: оқушының бағдарламалау тілін үйренуіне кедергі келтіретін қате түсініктің 5 түрі

Автор: Administrator007 от 2-02-2022, 08:45, посмотрело: 227

0 Бағдарламалау – балалар үшін: оқушының бағдарламалау тілін үйренуіне кедергі келтіретін қате түсініктің 5 түрі
Балалар үшін
Бағдарламалау – балалар үшін: «қиын» деген ойдан арылу немесе оқушының бағдарламалау тілін үйренуіне кедергі келтіретін қате түсініктің 5 түрі
Бағдарлама жазудағы қиындықтар жаңа нәрсе жасағысы келген баланың оқуға деген талпынысы мен мотивациясынан айырады. Оқушы баланың пәнге деген қызығушылығын жоғалтпау үшін не істеу керек немесе қандай қате түсініктер оқушының бағдарламалау тілін үйренуіне кедергі келтіреді?

Олар:

1. «Гуманитарлар бағдарламашы бола алмайды». Программалау – математика емес, ол – программалау тілі. Бүгінгі таңда программалаушылар қатарында гуманитарлар математиктерден кем емес. Нақты ғылымдарға бейім қабілет программалау арқылы ойындар, веб-сайттар, қосымшалар және т.б. жасаудағы табысқа әсер етпейді, бірақ бұл мүлдем әсері жоқ деген сөз емес;

2. «Информатика пәні маңызды нәрселердің барлығын оқытады». Мектептегі информатика пәнінің сабақтары бағдарламалау тілі бойынша практикалық білім бере алмауы мүмкін. Пәннің білім беру бағдарламалары мен әдістемелері балаларды бағдарламашы болудан алыстатпай, керісінше балаларды осы заманғы бағдарламашы-әзірлеуші болуға қызықтыруы керек;

3. «Бағдарламалау тілін оқу көп уақыт алады». Өз бетінше жаттыққан жарты жылдық уақыттан кейін де кішігірім ойын немесе басқа да бағдарлама жасауға болады. Теорияны практикамен ұштастыру маңызды. Бала бірден өзі жасаған жаңа Facebook-ті таныстырып, жарқырап көріне алмауы мүмкін, бірақ оның біраз жаттығулардан кейін өз қабілетіне деген сенімі артады;

4. «Үйрену қиын». Бағдарламалауды үйрену қиын емес, оқушының оны өз бетінше де үйренуіне болады. Бәрінен де балаға мотивация беру қиын. Сондықтан да бастапқы кездегі басты міндет - баланы сабақпен баурап алу, оның басына артық қосымша оқулықтарды «тықпалап» мәселені қиындатпау;

5. «Бұл өте қымбат». Бағдарлама жасау процесі көп шығынды қажет етпейді. Бағдарламашылардың көпшілігі өздерінің ең күрделі жобаларын жасау үшін де тегін бағдарламалық құралдарды пайдаланады.

Оқушы! Егер де информатика пәніне қызығушылығың болса, онда жоғарыдағы қате түсініктер мен ойлардан арылып, оқысаң ғана ХХІ ғасырдың маманы – бағдарламашы бола аласың!
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pan tynysy

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад