137 мектеп

» » Робототехника - қолданбалы ғылым саласы, балалардың болашағы

 
 
 

Робототехника - қолданбалы ғылым саласы, балалардың болашағы

Автор: Administrator007 от 2-11-2022, 08:11, посмотрело: 274

0 Робототехника - қолданбалы ғылым саласы, балалардың болашағы
Мектебімізде арнайы жабдықталған "Робототехника" кабинеті бар. Еліміз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге бағыт алып келеді. Сонымен бірге 3D-принтинг, робот, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау және білім беру ісінде қолданылатын технологияларды дамыту жолға қойылуда.

Осы орайда, мектепте робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, «LEGO Education EV3» білім беру платформасымен танысады. Робот құрастыру оқушылардың ғылымға қызығушылығын оятады, сонымен бірге олардың болашақта таңдайтын мамандықтарына жол ашады.

...Сондай-ақ, Оксфорд университетінің ғалымдары Карл Бенедикт пен Майкл Веборн жақын жылдары 700-ге жуық түрлі мамандықтар компьютерлер мен автоматтандырудың ықпалына түсетінін жазады. АҚШ-та алдағы 10-20 жылда (2035 жылға дейін) барлық жұмысшылардың 47%-ның орнын робототехника ауыстыруы мүмкін...

Жалпы робототехника өткен ғасырдың екінші жартысынан бері зерттеліп, жасалып келеді. Тек соңғы жылдары ғылымның бұл саласы компьютерлік технологиялар мен программалау тілдері дамуының кең қарқын алуына байланысты өзгерістерге ұшырап, қолға алына бастады. Заманауи техникалардың көпшілігі бағдарламалармен жұмыс істейді. Олай болса робототехника - балалардың болашағы...
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Robototehnika

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад