Балалар үшін
«Маман өз кәсібін айтады» демекші, информатиктер информатика пәні туралы айтамыз. Сайттың мақсаты – оқушы балаларға АКТ құралдары арқылы ақпараттық-танымдық, білімдік бағыттағы ақпараттарды беру. Осы орайда, жақын болашақта сұранысқа ие болатын интернетке байланысты мамандық түрлері туралы айтсақ, оның оқушы балалар үшін мамандық таңдауда пайдасы болары сөзсіз.
Бұл мамандықтар тәуелсіздік жылдары пайда болған жаңа мамандықтар. Олар:
1) IT – интернет-технология. Бұл сала қарқынды дамып келеді. Нарық әзірлеушілермен және мамандармен толықтырылып жатыр, бірақ сұраныс әлі де бар және ол ұсыныстан асып түседі.
2) Робототехника. Дрондар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қоғамдағы барлық нәрсені автоматтандыру – қазіргі заманғы ең маңызды мәселелердің бірі.
3) Онлайн білім беру. Бұл сала жылдан жылға дамып келеді, ал қазіргі коронавирус жағдайы онлайн білім беруге сұраныстың қарқынын арттырды. Курстарды құру үшін сізге тек сарапшылар ғана емес, сонымен қатар продюсерлер, бейнередакторлар, дизайнерлер, маркетологтар және басқа да көптеген мамандар қажет болады.
4) Үлкен деректер және аналитика. Data Science - жаңа сала болып табылады. Компьютерлік өңдеуде дұрыс шешім табу үшін ғылыми әдістерді қолданады.
5) Интернет-маркетинг және SMM-менеджер. Жұмыс орындары SMM-менеджер мамандары мен маркетологтар үшін бос орындарға толы, сонымен бірге әлі де кәсіпқой мамандар жеткіліксіз. Бизнес онлайн жүріп жатыр және онлайн сатылымдарды арттыруға, компанияның брендін нығайтуға және адал аудиторияға ие болуға көмектесетін мамандар қажет.
Бұл ең үлкен 5 сала және өте күрделі салалар. Қазіргі кезде жұмыс берушілер бұл саланың мамандарына көп ақша төлеуге және оларды өздерінде ұстап тұруға дайын. Өйткені мамандар тапшы. Бұл саланың мамандары жақын болашақта кең көлемде сұранысқа ие болады.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші