137 мектеп

» » Оқушыға кәсіптік бағдар(профориентация) – ерте жастан: болашақ бағдарламашыға қажетті 5 дағды

 
 
 

Оқушыға кәсіптік бағдар(профориентация) – ерте жастан: болашақ бағдарламашыға қажетті 5 дағды

Автор: Administrator007 от 1-03-2022, 14:14, посмотрело: 222

0 Оқушыға кәсіптік бағдар(профориентация) – ерте жастан: болашақ бағдарламашыға қажетті 5 дағды
Балалар үшін
Оқушыға кәсіптік бағдар(профориентация) – ерте жастан: болашақ бағдарламашыға қажетті 5 дағды немесе оқушы бала болашақта цифрлық технологияларға байланысты мамандықтарға қабілетінің бар екенін қалай білсе болады?
Экономиканы цифрлық технологияларды меңгерген қызметкерлермен қамтамасыз ету проблемасын шешуде білім беру жүйесі ерекше рөл атқарады. Қазіргі заман балалары мектеп жасына жеткенге дейін-ақ цифрлық ортаға тез бейімделіп, белгілі бір дағдыларды меңгереді. Сәйкесінше, жалпы білім беруде бұл дағдыларды шоғырландырып, дамыта түсу керек.


Мектеп оқушылары бойында электрондық сауаттылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін балалардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру қажет.

Бүгінгі күнгі цифрлық дәуір үшін бағдарламалау тілдері жаңа форматтағы толыққанды халықаралық тілге айналуда. Бағдарламалау тілдерін түсіну – қазіргі заманғы сауатты оқушы үшін жазу, оқу, санау сияқты табиғи құбылыс болып қалыптасып келеді.

Бірақ оқушы IT маманы болуды армандамаса да, бағдарламалау дағдылары оның болашақ мамандығына пайдалы болуы мүмкін. Өйткені IT мамандығы мен басқа мамандықтар арасындағы алшақтықтар бірте-бірте жойылып келеді. Сонымен бірге бағдарламалау тілдерінің бірін білу – оқушыға болашақта өзінің арманындағы жұмысты табуына көмектеседі.

Осы орайда, бағдарламалау тілін үйренемін деген оқушы балаға қандай дағдылар аса қажет? Олар:

1. Тапсырмаға аналитикалық талдау жасай алу
2. Жұмыс модульдерін түсінікті, қарапайым етіп жаза алу мүмкіндігі
3. Бағдарламалық модульдерді оқи алу мүмкіндігі
4. Модульдерді тестілеуден өткізе алу
5. Тайм-менеджмент дағдыларын игеруі


Оқушы! Олай болса, жоғарыдағы 5 дағды – бұл сенің бағдарламалау тілін игере алу мүмкіндігіңнің критерийлері болып табылады.

Ата-ана! Егер де осы дағдылар Сіздің ұл-қызыңыздың бойынан табылса, онда оның болашақта бағдарламашыға, цифрлық технологияларға байланысты мамандықтардың бірін таңдауына болады.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pan tynysy

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад