137 мектеп

» » Оқушылардың көктемгі демалысы: бағдарламалауды қосымша оқу

 
 
 

Оқушылардың көктемгі демалысы: бағдарламалауды қосымша оқу

Автор: Administrator007 от 12-03-2022, 07:44, посмотрело: 224

0 Оқушылардың көктемгі демалысы: бағдарламалауды қосымша оқу
Балалар үшін

Оқушылардың көктемгі демалысы: бағдарламалауды қосымша оқу
6 сыныптар үшін ІІІ тоқсанда, 7-8-9 сыныптарда ІІІ және IV тоқсандарда тек бағдарламалау тілі оқытылады. Өйткені информатика пәнінің негізгі міндеті - оқушы балаларға программалау тілінде бағдарламалар құрудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Жақында оқушылардың көктемгі демалыс күндері де басталады. Осы орайда, көктемгі демалыс кезінде информатика пәніне қызығушылығы бар оқушылардың бағдарламалауды өз бетінше қосымша оқуына да мүмкіндіктері бар.



Оқушы үшін Python-да бағдарламалау тілін үйрену мына төмендегідей үш кезеңнен тұрады:

1. Бірінші кезең. Бұл кезеңде оқушы бала бағдарламалау тілі редакторының интерфейсімен танысып, алғашқы дағдыларды игереді/6 сыныптар/
2. Екінші кезең. Бұл кезеңде оқушы түрлі тапсырмаларға бағдарламалар құрып, үйренуге тырысады. Бұл біршама ұзақтау процесс/6-7-8-9 сыныптар/
3. Үшінші кезең. Бұл кезеңде оқушы бала дайындалған бағдарлама модулін тестілеуден өткізуге дағдыланады. Егер де модуль пайдалы бір жобаға жасалған болса, ары қарай бағдарлама модулі пайдалануға беріледі/6-7-8-9 сыныптар/

Оқушы! Бос уақытыңда бағдарламалауды үйрену үшін осы кезеңдерді өзіңе бағыт-бағдар ретінде ұстауың керек. Оқулығың саған көмекші қызметін атқарады.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші
скачать dle 10.2 Форекс опционы

Категория: Pan tynysy

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
 
adminsite: Серикбаев Пернехан, учитель информатики сш №137 г. Шымкента, призер городских конкурсов по вебсайту и предметных олимпиад