Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс, тәсіл, форманы тиімді және тез қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың рөлін едәуір арттырды. Әдістемелік жұмыс дегенді мұғалімдер педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістігі мен әр педагогтың кәсіби шеберлігінің жан-жақты артуына бағытталған әрекет пен іс-шараларға негізделген, жалпы мектеп ұжымының шығармашылық потенциалын байыту мен дамытудың тұтас жүйесі деп түсінеді.
Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі негізінде құрылады (қосымша №1).
Әдістемелік жұмысты жоспарлағанда басқарушы алдымен оның мәні мен міндеттерін анықтап алу керек. Төмендегі аспектілерге байланысты әдістемелік жұмыстың мазмұны анықталады:
- педагогикалық ынтымақтастық негізінде оқу-тәрбие жұмысын демократияландыру;
- шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен жаңашыл ұстаздар іс-тәжірибесі негізінде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдісін үйрену;
- оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған білім беру басқармасының нормативтік құжаттарын оқу;
- білім беру үдерісін басқарудың проблемасы мен оқушыны оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық – педагогикалық проблемаларды зерттеу;
- оқыту мен тәрбиелеудің жеке басқа бағытталған ақпараттық технологиясын оқу үдерісіне енгізу;
- оқу-тәрбие үдерісіне мониторинг пен диагностиканы жүргізу, мұғалімдермен және оқушылармен диагностикалық мәліметтер негізінде жұмысты ұйымдастыру;
Adminsite